Ой ұшқындары: Шахрух Хан


Әлемдік дағдарыс турасында маман ретінде не айтар едіңіз?

Маман ретінде дейсіз бе? Қызық екен, жиырма жыл бұрын алған біліміммен пәлендей сарап жасау қиын шығар. Жалпы, экономиканың қандай да бір саласында өрлеу байқалғанда, оның жемісін алдымен қоғамның жоғарғы қабатындағылар көреді. Ал, енді бір қызығы, сол экономикаңыз құлдырай бастағанда, бақуатты кісілерге оның ауыртпалығы аздау болады. Өйткені, олардың жинаған қорабасы бар дегендей. Менің пайымымша, бұл құлдырау-күйреу дегенің кедейлерге де соншалықты әсер етпейді. Кедейлер кедей күйінде қала береді, тіпті экономика өрлегенде де кедейлікті жоямыз деп жатады – бұл ешқашанда болмайтын процесс. Ал, осы екі ортаның арасындағы орташа таптың біраз зиян шегуі мүмкін.

Қазір Батыс елдерінде «Ислам терроризмі» деген термин санаға сіңісіп кетті. Сіз бұған қалай қарайсыз?

Біріншіден, терроризм мен Исламды байланыстырудың өзі – жаңсақтық. Себебі, қорқыныш тудыру үшін адамдарды қырып-жоятын адамдар – нағыз құдайсыздар. Сондықтан, білімдар мұсылмандар барлығына біреудің аты Ризван Хан («Менің атым Хан» фильміндегі мұсылман кейіпкері – Ө.К.) болғаны үшін, одан қорқудың реті жоқтығын түсіндіру қажет.

Соңғы кездері Голливудтың үнді киносына қызығушылығы артты деп жиі айтылып жүр. Өзіңіз Голливудқа қызығасыз ба?

Шынымды айтсам, оларға менің ұсынар түгім жоқ секілді, жасым қырықтан асып кетті, кунг-фу білмеймін, Траволта сияқты керемет билей де алмаймын. Менің Голливудқа керегім бар деп ойламаймын, онда менен де жас, көрікті әрі талантты актерлар жетерлік.

Құпия болмаса, сіздің бақытты болу сырыңыз неде?

Кино. Ол – менің өмірімнің ажырамас бөлшегі. Фильмсіз менің өмір сүруім мүмкін емес. Тіпті, осыншама жыл өтсе де, мен әрбір жаңа рөліме алғашқы және соңғы рет ойнап отырғандай қараймын, солай сезінемін. Меніңше, осы сезім жоғалса, дұрыстап жұмыс істеудің өзі мұңға айналады. Міне, әр кейіпкерімді сомдауға ес-түссіз құштарлықпен ұмтылатыным да содан.

Жастарға айтарыңыз бар ма?

Жастардың өмірі кәдімгі спорттағы бәсеке секілді болуы тиіс. Сіздер қашанда, қай жерде болсын, жеңуге тырысуларың керек. Күмісті қанағат тұтпау керек, көздегендерің алтын болса ғана, армандарына жетесіңдер. Жеңіс – төккен тердің, кеткен уақыттың қайтарымы.

Несие ….

Егер ақшаны алуға лайықты еңбек сіңірмесеңіз, оны алуға да құқыңыз жоқ. Ендеше, несиені алуға өз басым қарсымын әрі мұсылмандық принциптен де бұл дұрыс емес. Еңбекпен табылмаған ақша жөнсіз жаратылады, берекеті болмайды.

Той …

Мен той-томалақта ән айтып, би билеуден ұялған емеспін. Тіпті, көшеде билесем де, ақша тапсам болғаны. Тойдан түскен ақша мен ұнатпаған фильмдерге түспеуіме мүмкіндік береді.

(Әр жылдары берген сұхбаттарынан алынды)

Advertisements

9 comments on “Ой ұшқындары: Шахрух Хан

    • Әрине, эрудициясы жағынан Әмір Ханға (Аамир Хан) жете қоймас, бірақ ойының ұшқырлығы, сөзге ұсталығы бір басына жетерлік

  1. Осы актер маған ұнайды, әсіресе соңғы кездері түскен «Менің атым Хан» деген киносы ерекше көңілімді баурады

    • Шарух – актердың ішіндегі актеры ғой, кез-келген рөлді алып шығады, қандай жағдай, қандай сезім болмасын, сендіріп ойнап береді.. Актер деген осындай болу керек

  2. Orken aga deymin, mina Shakennin (Shahruhtin) songi soylegen sozderi, ozin tamasha ustaui jane Islam alemine degen pikirlerimen tipti unap baradi… osi Shahruh musilman ba?

  3. әрине, ол әлмхамдулиллах мұсылман, солай деп сенім береді, жұрт біледі.. Жалпы, Болливудтың қазіргі құрамындағы ең танымал, ең атақты жұлдыздардың көбісі – мұсылмандар. Шахрух Хан, Аамир Хан, Салман Хан, Саиф Али Хан деп кете беред

    • білуімше «Хан» фамилиясы мұсылман бір текке жатады. Шакрух Хан маған да қатты ұнайды. Үндістанға барғанымда онымен кездескім да келген еді (бірақ ол «Go For It, India!» киносымен шетелде жүр еді дәл сол кезде).

      Маған оның актерлік талантымен қоса, отбасы жүйесіне үлкен маңыз беруі де ұнайды. Ол атер ғана емес, білуімше продюсер ретінде де, режиссер ретінде де жақсы. Үлкен дарын болып тұрып, қасындағылармен өте қарапайым деп білемін оны. Елінің патриоты оның үстіне. Болливудтың аты/жарығы өшпес жұлдызы.

      • Иә, Хан деген фамилия мұсылмандарға тән әрі десе Үндістанның ең мықты деген актерларының дені мұсылман… Мысалы, Шахрух Хан, Салман Хан, Аамир Хан, Саиф али Хан, Фардин Хан дегендей кете береді. Дұрыс айтасың, «Вперед, Индия» фильмін Сиднейде түсірді ғой, ал Шахрухтың әйеліне адалдығы, балаларына деген пейілі баршамызға үлгі боларлық. Артынан жаман сөз шықпаған. Бірақ, ол режиссер емес. Оған қызықпайды да..

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s