Киік қырылған…


Орыстың кәкір-шүкір сайттарын қарап отырғанда, мына сурет ұшыраса кетті. «Мамыр айының ең үздік суреттері» деген айдар тағылған. Әлемнің әр түкпірінде болған терактісі, театр қойылымы, карнавалы бар, бас-аяғы 40-50 сурет… соның ішінде көзге танысы осы болды.

Дәу де болса, бұл Батыс Қазақстан облысында жер жастанған 12 мың ақбөкеннің айғағы.Ресми орындар бұл апатты «пастереллез індетінен болды» деп жылы жауып қойса, базбір сарапшылар мұның астарын Ресей жеріндегі әскери құпия сынақтардан іздейді. Осы ретте мәскеулік ақын Жарқын Өтешованың «Қорғаңдаршы киікті» атты өлеңін беруді жөн көрдім.

Жерік болып киікке,
Анам мені туыпты.
Көріктім деп киіктей,
Аялап әкем сүйіпті.

Кім екен қырған киікті?
Жүрегім шошып, үрікті.
Өздігінен өлердей,
Кімнің көзі тиіпті?

Кең даламда жосылған,
Көркі жырға қосылған.
Даламның сұлу еркесіне,
Не жазаң, Алла-ау, тосыннан?

Жағасы алтын ағалар!
Ақ сақалды аталар!
Ақ жаулықты аналар!
Киігіме кім шүйлікті?

Киелі киік құлынын,
Даламның жалғар жұлынын
Сауғасын сұрап сөз айтар,
Тумады ма,бір ұлын?

Advertisements

7 comments on “Киік қырылған…

  1. жүрегім ауырады, бірақ қолдан келер дәрмен жоқ… алдымен итбалықтар, енді киіктер…
    қазақ жерінің өзі азғана флорасы мен фаунасы күн санап құрып барады.

  2. бәрі адамдардың кесірінен. экологияны әбден былғап, енді «жұқпалы аурудан» деп күмілжіп отырғанымыз

  3. Достар бұнын барі адам затының кінәсі, яғни өткен бес жылдықта жасалған жұмысымыздың жемісі бұл, ал келешектегі бес жылдықтың жемісін қазірден ойланайық жастар 😉

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s