Дәулескер күйші дүниеден өтті…


Кеше құдыретті күй өнерінің хас шебері Қаршыға Ахмедиярұлы өмірден озды деген суыт хабарды құлағымыз шалды. Қазақ руханияты қара жамылды. Атырау облысының, Махамбет ауданына сапарлай келген күйшінің алып жүрегі осылайша туған өлкесінде тыным тапты. Білуімізше, Қаршыға ағамыз Олжас Сүлейменовпен бірге биыл күзде көрерменге жол тартатын «Махамбет» фильмінің шаруасымен келген.

Қазақстанның халық әртісі, профессор, күйші һәм сазгер ағамыз 1965 жылы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияға оқуға түсті. Сол жылы-ақ, әйгілі Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестріне шақырылып, еңбек жолын бастап кетті. Дегенмен, Қаршыға жеке орындаушы ретінде шынайы шебер екенін таныта білді. Құрманғазы, Дина, Қазанғап, Дәулеткерей, Абыл, Тәттімбеттер дәстүрінде өзіндік күй мектебін қалыптастырды. «Әсем қоңыр», «Сарыарқа», «Жігер» тәрізді әлденеше күй жинақтарының авторы Алматының орталық стадионына 2 мың домбырашыны жинап, Құрманғазының «Сарыарқасы» мен Тәттімбеттің «Сарыжайлауын» ойнатуды армандап жүр еді. «Әттеген-ай» дегенмен, іргеміздегі Қытай қазақтары бұл межені асырып, он мың домбырашымен Гиннестің рекордтар кітабына кірді. Жаныңыз жәннатта болсын, ағасы! Қалың қазағыңыз барда Қаршыға есімі мәңгілік жасайтын болады.

Advertisements

7 comments on “Дәулескер күйші дүниеден өтті…

  1. 65-ке қараған шағында кетіпті… Бұл фәни кімге тұрақ болған дерсің, бәріміз де бұл дүниеге ана есіктен кіріп, мына есіктен шығып кететін мейманбыз ғой

  2. Мен сол кісіден бір сұхбат алуды ойлап жүруші едім, кездесіп, сөйлесе алмағаныма өкінемін… Ол кісінің айқанынан айтпағаны көп шығар… Қазақ руханиятын көтеретін сондай кісілер гой…

  3. КҮЙ – ҚАРШЫҒА

    Келмеске кетті ме ұшып күй – Қаршыға?,
    Біржола елін, жерін қиған сірә.
    Аманат Алла берген адам жаны,
    Жамағат, жаратқаннан иман сұра…

    Келмеске күйші аттанды. Күй қалды да,
    Оқтай боп суық хабар тиді – ау мына
    Қазақтың даласына сыймай кетті
    Домбыра шанағына сыйған мұра.

    Келмеске күйші кетті. Күйі қалды,
    Біртуар бірегейім, биік, арлы.
    Бақиға аттанардың соңғы сәті –
    Өмірдің өлім деген сыйын алды.

    Келмеске кетті, бірақ… Күй боп мәңгі
    Арайлап атқан әрбір сүймек таңды.
    Сапары саңлағымның күрт үзіліп,
    Қатары ағалардың сиреп қалды.

    Келмеске кетті күйші. Күйім жылап
    Боздайды мекен етіп үйін жырақ.
    Халқымның күмбір қанат Қаршығасы,
    Көктемде оралмайды биыл бірақ.

    Келмеске кетті солай күйші ғажап,
    Қарайтын жақын түгіл, сүйсіне жат.
    Алланың әміріне амал бар ма,
    Иманды болсын, ұлың, ИСІ ҚАЗАҚ!

  4. Біле білсеңіздер, бұл Қалқаман Сарин ағамның өлеңі… тамаша! Қазақтың Қаршығасына бұдан артық қалай қабырғамыз қайыссын… өмір-өткелек, жайсаңдар кетіп барады, ең болмаса жоқтай да білейік

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s