Мистика мен мүсін


Бішкектің қақ ортасында биіктігі 12 метр болатын ескерткіш тұр. Шар үстіне қондырылған қанатты әйел бейнесін ел тәуелсіздігінің басты нышаны десе де болады. Әредік бұл ескерткіштің ресми атауы да, жалпы сұлбасы да Нью-Иорктегі Бостандық статуясының арзан көшірмесіндей әсер береді. Бірақ, гәп басқада. Өткенде қырғыз бүлігінің дуымен  бірнеше қоғамдық және жастар ұйымдары бірлесіп, осы ескерткіштің тасынан тас қалдырмай қиратуға бекініп шықты. Көтергіш крандарын алып келді.

Әбүйір болғанда, тәртіп сақшылары кес-кестеп, «бұл мәселені шешу мемлекеттің құзырындағы іс» деген сылтаумен ұлтшыл жамағатты үйіне қайтарды. Сондағы дау «Эркиндик» ескерткішіндегі қырғыз әйелінің жинақтаушы образын беріп тұрған бейненің оң қолына ұстаған шаңырағынан (түндік) шығыпты. Ұлтшылдардың айтуынша, бұл қырғыздың салт-дәстүріне, нанымына қайшы келеді. О заманда, бұ заман шаңырақты қыз бала көтермеген, бұл еркектің еншісіндегі іс. Қызығы сол, Феликс Кулов қала мэрі болып тұрған 1999 жылы орнатылған ескерткіштегі «қатені» қырғыз ұлтшылдары биыл байқаса керек. Шаңырақты әйел көтермейді десе де, мағынасы майысқан мүсін әлі тұғырында тұр. Ал, қазіргі билік басында, білсеңіздер Роза Отынбаева отыр. Осыған қарап, бұл оқиғаларды бір тылсым байланыстырып тұрған жоқ па екен деген ой келеді Мұхтар Мағауинның «Қыпшақ аруы», Начо Серданың «Генезисі».. айта берсе, өлі мүсін мен тірі келбеттің арасындағы метафизикалық қатынас турасында біраз жерге дейін қиялдауға болады.

Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайының алдында да ескерткіш тұр. Қазақтың желкілдеген төрт (!) қызы дағарадай шаңырақты именбей көтеріп тұр. Сәулеттік идеясы сол ұйыған ынтымақ, келіскен жарастықтың символын беріп тұрса керек. Біздің де этнографиялық энциклопедиямыз бойынша, киіз үйдің шаңырағын ұзын бақан алып, қажырлы жігіттер көтеруші еді. «Шаңырақ көтерді, үйленді» деген сөз де ер жігітке қатысты айтылады. Енді міне, Астананың көркіне ауызын ашып кететін туристер мен ұлттық танымымыз жағынан сол туристпен таласатын өзіміз де «ә, қазақ қыздары шаңырақ көтеріп жүрген екен ғой» деп тамсанып жүрміз. Тұра берсін, таласымыз жоқ. Тек түсініп болмайтын мистика заңы осы мүсінді айналып кетпейді дегенге ешкім кепілдік бермейді-ау осы. Көз алдыма «Эркиндик» ескерткіші мен Роза Отынбаева елестей кетеді. Қырғыз мүсінінде қыз жалғыз еді, біздікінде бір емес, төртеуі тұр ғой, төртеуі…

Бішкек

Астана
Advertisements

6 comments on “Мистика мен мүсін

  1. Если есть возможность, про эту пирамиду напишите, пожалуйста по русски. За ранее спасибо.

    • У на есть дайджест-сайт http://www.altyn-orda.kz, там публикуются материалы казахскоязычных авторов, профессионально переведенные на русский язык. По вашему пожалению эту статью отправлю в адрес гл.редактора этого сайта (Серик Малеев), если они сочтут переводить, то ждите появление «Мистики и скульптуры» в «Алтынорде»

  2. Zamandas.kz сайтында Хасан деген бауырымыз жақсы пікір қалдырыпты.

    Хасан:
    5 Маусым 2010 – 23:54

    Cтатуя, денеге қолдан салынған суреттердің өзіндік мистикалық құпия белгілері бар. Яғни олардың мағнасын толық түсінбей салудың арты жақсылыққа апармайды. Оның ішінде біздің түркі елдеріне ешбір қатысы жоқ белгілердің, статуялардың пайда болуы сол мистикалық тұрғыда тапсырыс арқылы жасалып отырған, кландық топтардың мүшелерінің ұсынысы бойынша жасалып жатқанына жайбарақат көзбен қарау орынсыз.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s