Тұңғышбай «ләурият» па, «иегер» ме?


Редакциядағы хабарландыру ілінетін тақтадағы жалбыраған факс қағазына көзім түсе кетті. «Қазақ басылымдарының басшыларына» деп айдар тағыпты. Театр және кино тарланбозы Тұңғышбай Жаманқұлов шиырлатып қолын қойған хат театр қайраткерлерінің атынан бізге, мына журналист қауымына базынасын айтады.

Хаттың қысқаша түйіні былай: «Баспасөз беттерінен «халық әртісі», бәлен сыйлықтың «иегері» деген сөздерді жиі ұшырастырамыз. Латынның «артист, лауреат» сөздерін бұрмалап, өз тілімізге жақындатып алуға құмармыз. Бұл қазақ тілінің ажарын кіргізіп тұр деп айта алмаймыз. Әлемнің барлық елінде бұл сөздер шыққан тегінде айтылып-жазылады. «Иегер» сөзі иелену, иемдену деген ұғымнан кең емес, ал «лауреат» сөзі жеке адамға лайықтау, сондай мәртебе таңу деген мағына береді. Ауызекі сөйлегенде «әртіс», «прәпесір», «тиатыр», «жөрнәліс» деуге болса да, баспасөзде солай жазылуы білімсіздік әрі көзге оғаштау деп білеміз».

Тұңғышбай ағамыз енді артист қауымын әлгіндей сөздермен келеке етуді қойып, өзге жұртқа ұятты болмай, мұқият болуымызды өтініпті. Несі бар, сөзінің жаны бар. Бізді де «тілші» деп атаса, сәл қоңылтақсып, погонымызды жұлып тастағандай күйде болатынымыз бар емес пе? «Журналист келді» десе, өз мағынасында, сені құрметтеп, елеп тұрғандай сезіледі. Әлде бұл стереотип пе екен? Не де болса, бұл сөздердің тілдік ортада қалыптасуы халыққа байланысты ғой. Сонымен, Тұңғышбай ағамызды «ләурият» дейміз бе, «иегер» дейміз бе? Сіз қалай ойлайсыз?

Advertisements

16 comments on “Тұңғышбай «ләурият» па, «иегер» ме?

  1. Өркен, блогың құтты болсын! Тілімнің ұшына «молодес» деген сөз келіп тұрса да, «жарайсың» деп жазғанды жөн көрдім.
    Ал, Тұңғышбай ағамыздыкі комлпекс қой. Қазақ тілінің сөз байлығы мол, ал басқа елдердің тілі кедей. Сондықтан олар балама таппағандықтан халықаралық терминдерді қолдануға құштар, сөйтіп сөз аясын кеңейтіп жатыр. Ал, біздің сөздік қорымыз әу баста мол. Себебі біздің шығу тегіміздің түп тамыры 5 000 жылдан да ары кетеді. Біздегі кірме сөздердің үлес салмағы небәрі 20-30 пайызды құрайды, ал орыс және басқа да елдердің тілдеріндегі кірме сөздердің үлес салмағы – 75 пайызға жетеді екен. Өте көне тілдердің бірі болғандықтан лексикалық құрамымыз да тұрақты.

    • Бәрінен бұрын осы блогты ашып, оны берекелді етуде Асхат бауырым мен Есенгүл әпкемнің ықпалы ересен. Сол үшін де осы семинарды ұйымдастырып, біз сияқты балапандардың көзін ашқан Сізге ырзамын! Ал, пікіріңізге келер болсам, толықтай қолдаймын. Комплекс дейміз бе, стереотип дейміз бе, айналып келгенде, санамызға сіңісті болған терминдерді жұқалап, қазақы баламасымен айту, оны құлаққа жағымды ету тілші қауымның жұмысы ғой. Тірлігіңіз толымды болсын!

  2. Қандай жағдайда болса да журналистерге тікелей қарсы келудің зияны көп екенін бұл кісі білмейди-ау дейм. огнеопасно

  3. иегер дегенге қарсы емеспін, үйреншікті қазақ тілі. Бірақ лауреат деген барлық елде түсінетін термин. Иегер қайта жөнді сөз, әйтпесе соңғы кезде әйтеуір орыс тілін қолданбау керек деп орыс тілінің өзіне, латын тілінен келген сөздерді аударуға тырысқан ақымақ тірлік басым.

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s