Ликбез


This slideshow requires JavaScript.

Қазір осы сөзді біреуге қарата айтып көріңізші? Аузы-мұрныңызды бет қылуға «құқы» бар. Алайда, мен үшін «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырған семинар-тренинг нағыз ликбездің өзіндей сезілді. Жаңа медиа жайлы сағаттап сөйлеуге екпініміз жетсе де, практика жүзінде пәлендей іске бара алмайды екенбіз. Машық жоқ. Тәжірибе жетіспейді. Міне, осы кемшіліктің бәрін Алматыдағы ҚМЭБИ-дың аудиториясында өткізген екі күнде біршама түзегендей болдық.

Біріншіден, Gmail.com-де электронды пошта ашуды үйрендік. Бұл «калиниз калай?» деп тіл бұзып тұрған Mail.ru-қарағанда, қазақ қаріптерін толығымен қолдайды. Google Reader деген функциясы болса, күніге бір шолып өтетін сайттарға кірмей-ақ, ондағы жаңа жазбарды поштаңыздан оқи беруге мүмкіндік жасайды екен. Бұдан басқа да ерекше қызметтері жетіп артылады.

Екіншіден, WordPress.com платформасында жеке блогты қалай құрып, оны безендіру, үнхабар жасау, бейнероликтерді блогқа орналастыру сияқты сұрақтарға жауап алдық. Нәтижесі – көз алдарыңызда. Қалтафонмен блогты басқару, оған сурет жіберу сияқты мобильді «қулықтардан» да енді хабарымыз бар. Үшіншіден, жаңа медианың, оның ішінде Твиттер, Фейсбуктың әлеуметтік ықпалы, қоғамды демократияландырудағы күші турасында мағлұматымыз молайды. Интернет-мақалалардың жазылу стилі, сараптама жазу «алгоритмі», интернет-құқық та тақырыптан тыс қалмады. Қысқасы, мейлінше аз уақытта максимум ақпарат алып шықтық.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген тілші-қатысушылардың қайсысы болсын, «мұндай семинарға бірінші рет қатысып отырмыз, алған білім де, әсер де ересен» дегенді талай айтты. Бұл ретте Есенгүл Кәпқызы мен Асхат Еркімбайдың (осы семинарды ұйымдастырушылар) ерік-жігеріне тәнті бола отырып, әлі талай мазмұнды іс-шаралардың куәсі боламыз деген сенімдемін.

Осы семинарда алған сертификатым. Сал мактанып кояиын да...

Advertisements

7 comments on “Ликбез

  1. Рахмет, Өркен. Өркенің өссін! Біз үшін сен секілді пейілді оқушының қатысқаны қуаныш болды ғой.

  2. Алдымен блог бастауыңызбен құттықтағым келеді. Журналистерге пайдалы тренинг болғанына қуанушылардың бірі менмін. Мына блогыңыздың дизайнын да сәтті таңдапсыз. Сәттілік тілеймін! Блог мазмұнды, оқырманды және «пікірсіз блог жетім» демекші пікір толы болсын! Біздің сайтқа да келіп тұрыңыз.

    Кездесуде кездескенше! вывывы.кездесу.кизет 🙂

    • Аршат мырза, құттықтауына көп-көп рахмет! Әлі де білгенімізден білмегеніміз көп қой. Біздікі – алып теңізге тамған тамшының діріл радиусындай ғана, бұйыртса, блогты тастамай, шама келгенше, өреміз жеткенше алып жүруге тырысамыз.

  3. cаламатсиз бе агай калыныз калай! Блог ашуынызбен шын журектен куттыктайм! Жане сертификат алуынызбен куттыктайм….!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s