Шәй бітіп, шекер таусылып тұрғанда, үйге қонақ сау етіп келсе, сасқаннан «сурет көре тұршы» дейміз ғой. Мейман келсе, манты жемесе де, альбомыңды ақтармай кетпейді. Бұрын солай етін, қаз қайдам… Қысқасы, бұл блог та менің виртуальды виллам екенін ескере отырып, іш пыстырар жазбамнан ішек аскаридалары ішіп кетпесін десе, осында келсін дегем ғой. Өзіме ең қымбат деген картинстерден тәуірлерін іліп қойдым. Анау Эрмитаж бар ғой Петерборда, плагиат болмасын деп бұны Өрмитаж деп Әділет министрлігінен тіркете салдым (Адидас пен Абибастың хикаясы, ық-ық-ық).
Қақ ортада өзім, сол қолымның түсында анам, ал оң қол түсымда бөлем. Алты жасты шамалап қалғанмын. 1991 жыл.
Марқұм апам менің тәрбиелік негізімді қалап, мектепте жақсы оқуыма сеп болып еді.. Жаны жаннатта болсын! Айтпақшы, мына мысығым күніге азаңда мектепке шығарып салып, қайта күтіп алушы еді… Ақылды еді, бишара
Бірінші суреттегі бөлеммен. Шамамен, 7-ші, я 8-ші сыныпта оқып жүрген шақ.
Менің соңғы Ұлттық пікірсайыс турнирім. 2005 жыл-ау, Қарағандыда болған әйтеуір. Кубок ұстап тұрған жігіт.. керемет білімді, өте алғыр еді. Қайбір жылы Ыстықкөлдің ұйығы тартып кетіпті… «ол енді оралмайды» деген мақала сол күйі жаза алмадым
Дебатта төрешілік етіп тұрған түрім. Оң жағымда тұрған шәкіртім Ақнұр Жидебекқызы – қазір мәжілісмен-блогкер Мұрат Әбеновтың қоғамдық көмекшісі. Шыны керек, сегіз жыл дебат ойнау өмірімізді күрт өзгертіп жіберді…
«Алтын дәуір». Небір тамаша жігіттермен түнді түнге ұрып тұрып, саясат, ұлт, дін мәселелерін шайқаушы едік, шіркін… Содан таң ата осылай үйге қайтатынбыз.
«Күміс дәуір». Ең жақын достарыммен бірге
Журналистикадағы алғашқы «ұстаханам» болған Жамбыл облыстық «Ар-АЙ» газетінің үжымы. Показной сурет еді, сонда да жақсы..
«Алғашқы махаббат». Қайран да менің «Жас қазақ» газетінің ұжымы. Дәурен ағамызды жұмыстан шығарып салған кеш еді. Сол кездегі эмоциямызды айтпай-ақ қояйын енді….
Сені қойшы, мен жақсы түсіппін 🙂
Қойшы! Қой бағатын))))))))))
сакалдан сонша коркушы ек…бужей коргендей…….сізге карап..сонында барібір барымыз кояды екеміз-ау?! ымммм дааааа. деп койсан!!! керемет!
ық-ық-ықылық)))))
Анау мысық ұстаған суретің күштііі 🙂
мысык, мысык, мысыктар, кушті гой ия негізі. суретінді карап отырып, ауылды, мамамды, папа, аже, атамды, мысыгымды да есіме тусіріп бір адемі жымиыыыып алдым. жарайсын, рахмет.
сіз тұрмақ, өзім сағынамын сол кезді
откенін сағынбайтын озекті жок ойткені Оркен
Пікірсайысшы екенсіз ғой. Біз де талай дебатқа барып, таңның атысығ кештің батысы кубок алу үшін барымызды салып жүруші ек. Кубокты көптеп алмасақ та, өте-мөте жақсы достар таптық қой.
Иә ең басты жетістік – жақсы достар табуымыз болатын….
Сақал ойған сізге жарасады екен…))))Маған Таразда 24-ке толған кездегі сурет ұнады.Маржан Рақайды (облыстық «Ақ жол» газетінде жұмыс істейді) және оның жолдасын да танып отырмын…ұмытпасам ол «Қазақстан-Тараз» арнасында жұмыс істейді.Солай ма еді?)))
Рас па? Сақалбасты блогкер болам онда))) ия дұрыс атадың, Нұрадин қазір Асыл арнаның облыстық бөлімшесінде
tagi da syretter bar ma?)))
болашақта болады)
туылған күн кешіндегі суретіңізге қарап бесбармақ жегім кеп кетті ау,ауылды катты сагындыыыыыыыыыыыыыыыыыыыым!!!