…Негросы несі?


Осы блогтың мекенжайын браузеріңізден теріп жатып, «бұ жігіттің Өркенегросы несі тағы?» деп, таңданған да боларсыз. Қорықпаңыз, мен Қазақстандағы зәңгі қауымының мүддесіне лобби жасамаймын. Тәнімде текті қазақтың консервантсыз саф қаны тулайды. Тегі болмаса, қыз біткен қызыға қарайтын добалдай ерін, маржан тіс, бұйра шашқа қызығып, антропологиялық пішіміме

араз да емеспін. Тек… ересен қарқын, ерекше ырғақ, жылдам ойналудың мағынасын беретін «allegro» деген сөзге бұрыннан ғашық едім. Енді, міне осы итальян сөзін есіміммен байланыстырып, өзімді ұдайы жоғары қарқында ұстауға стимул бермекшімін. Бұл симбиоздың дуасы қаншаға дейін дарырын бір Құдай біледі.

Әзірге Өркен деген қазақтың  блогын елеп, қызығушылық танытқаңынызға рахметтен басқа айтарым жоқ. Ұсыныс, ескерту, пікіріңіз болса, осы алаңқайға қотарсаңыз болады. Сіздің теріс сипаттағы жазбаңыз да тергеліп, блог иесінің оң-бұрыс әрекетіне ықпал ететін болады.

Advertisements

32 comments on “…Негросы несі?

  1. Ниетің мен мақсаты айқын деген ойдамын. Ең бастысы блог жүргізуде мен жіберген қателіктерді жібермессің деген ойдамын. Өзің жайлы жұртқа көп айта берме 🙂 Басың бәлеге қалады.

  2. Асхат бауырым, жұртқа айта берме дегенді қай мағынасында түсінсе болады? Біз әлі міне, екінші күн ұйықтамай, блогтың қызығымен отырмыз. Алдын-ала сақтандырып қойсаң…

  3. Жеке өмірің туралы көп жазбауға тырыс, Өркенжан! Блогыңда ойлы дүние көп болады деп сенемін. Сенің блогыңа сенің ойыңды оқу үшін келетінімді ұмытпассың!!! Сәттілік тілеймін! 🙂

    • Жақсы, ұқтым ойыңды. Еліміздің бас блоггерінен құнды кеңес алудың өзі бақыт емес пе? Сенімнен шығып отыруға серт бермесем де, сөз беремін

  4. Өркен негізі адам бір жазған жазуынан – ақ қандай екені байқалып тұрады ғой. Жеке мінездемең туралы көп мақтамай-ақ қояйын. Тіпті, мына блогты көргенде сені басқаша қырыңнан тани бастадым. Өте оқымысты, жан-жақты және әлем әдебиетін меңгергенің көрініп-ақ тұр. бірақ жоғарыдағы ағамыз айтпақшы өзің туралы мәліметті жария етпе. Олай дейтінім… өзің білесің. Әр нәрсеге саяси жолмен бар. Өркенің өссін! Халықтың көңілінен шыға білсең болды! Арманың да сол шығар! Әлемдік деңгейде танылуыңа тілектеспін! Рахмет!

    • Ой, Әсел әпкем, мені тым асыра мақтап жібердіңіз ғой. Мақтаған сайын ел сені солай деп ойлайтын биіктен төмен тұрғанымды ойлап, өзіне қамшы баса түсесін, тоғыз дырау қамшыңызға рахмет ендеше! Иә, арманымды дәл таптыңыз! Сіз де лайым үлкен белестердің биігінен көріне беріңіз!

  5. Мошопаным!!!
    Айналдым сенен! Кудай маган сени аспаннан салбыратып жибере салган гой. Жарайсын. Бари керемет. Алдагы максат, армандарыннын айнымастай орындалуына тилектеспин. Менин алдымдагы саган айтылган пикирлерге косыламын. Кайталап айтпа-ак койайын. Аман бол!
    АЛГА МОШОПАН!!!

  6. Өркен, блогың құтты болсын! Блог ашуды кеше ғана үйреніп, күні бүгін мынандай ойлы дүниелерді бастап кеп жібергеніңе шын жүрегімнен қуанып отырмын! Іске сәт! Сені тек биік шыңдардан ғана көрейік!!!! Бұдан былай блогыңа жиі кіріп тұруға уәде беремін!!!

    • Ой, блогтың қызығына кіріп, екі туннің ұйқысын құрбанға шалдым емес пе? енді есенгіреп, мылжа-мылжа болып отырмын

  7. Осы неге Өркенді мақтай бересіңдер?! 🙂 (деп бір қойсам)…Расында, ол шын бағасын өзі беріп жүр. Алланың аманаттап берген тәнін Абай айтқан «қап» қылмай, ішіне пайдалы білім, өре өсірер өнер үйреніп жүргеніне ризамын. Өркен деген менің досым. Танауына түскен көзілдірікті бір нұқып, ол жазған мақалалар біреулердің малақайын ұшырып, «таз», «таяз» екенін әшкере қылады. Ол қазақ журналистикасындағы батыр ғой!!!!

    • Өзімнен жасы кіші болса да, білдей бір журналдағы бас редактордың орынбасары деген қызметті ұршықша үйіріп отырған Әділбек бауырыма мың да бір алғыс! Батыр дегенің сәл артықтау болғанмен, орысша айтқанда «чертовски приятно». Көбіне жауды көріп тұрсақ та, мылтық кезенуге де мүмкіндік бермей жатады ғой, өзің білесің… достым

  8. Өркен, блогыңа кіріп, айызымды бір қандырып алдым. Баяғыдан бері неге көрмей жүргем? Мәләдес. так держать!

  9. Мәшқара! еліміздегі нөмірі бірінші журналист десем артық айтқаным емес. Бір қызығы «ұрттамай-құрттамай» жазады. Пәлзөңки киіп жүрген кезінен «шабыт» деген хор қызымен «некелесіп» қойған ба дерсің. Тілі тартымды, стилі бөлек. Өркен бауырым, сен Құдай емессің, мен де саған сол себепті мадақ айта алмаймын. Бірақ, жана айтқанымның бәрі ып-ырас. Әй, жөрнәлист жүгермектер, екінші жөрнәлист болуға талпына беріңдер, бірақ Өркеннің орнын баса алмайсыңдар!

  10. Қой-ей, мына жазбаны Кәмшат Тасболат, Айжан Көшкенова, Динара Мыңжасарқызы, Ағабек Қонарбайұлы көрсе, шошып кетер.. Номірі жүзінші десең жарасар едң.

  11. Өркен, шынымды айтайын, керемет! Қазақ журналистикасына не жетіспейтінін жақсы білетін сияқтысың, алға, сәттілік тілеймін!!!

  12. Ой, рахмет! Шамасы, Ана тіліндегі Нұрлан Құмар бауырым боларсың, өзіне де толайым табыстар, шығармашылық шабыт тілеймін!

  13. Раааахметт! Қой бұл жансыз нәрсеге емес, мына маған ғашық болсаңызшы 🙂
    блог ашыңыз, міндетті түрде менікіндей болуы міндет емес қой

  14. Шынымен Өркен, ал соңындағы Негросы несі деп ойланып қалғанмын….әлде журналистика мамандығының ауыртпалығын көрсеткісі келіп өзін қара нәсілділермен сәйкестендіре ме екен? деп те болжағанмын…. рас қой…
    Енді қарасам, Алегроға ұқсас болсын деп есіміңіздің соңына Негро-ны қосықан екенсіз…өкінішті, өз болжамым дұрыс шығар деген едім ИМХО…

    • Хе хе))))))))), Дабай кызыда маған Арнольд Өркеннегр деп коллаж жасап қойыпты, өзім ырза болдым, қашанда Шұбарнегрге іштей болсын ұқсағымыз келді ғой бала кезде .-)

  15. ХЕХЕ басе қайдағы НЕГР деп қоям, бірақ НЕГРге деген еш жаман ойым жоқ, сонда да Біздің ҚАЗНЕТте қайдан адасып жүрген негр деп түсінбей жатқаным ғой….Мұның жақсы ойлап табылған екен, әп-әдемі естіледі!!! Хехе мұнда бұрышта бір БЛОГШЫЛАР бандасын көріп қалдым, соған мен де бандағы тартылып жүрмін, анау-мынау істерге араласып қоямын кейде….Ай жарайсыңдар…ҚАЗАҚТАР!!!
    Бір күні елдің бәрі блоггер болып кетеді ау деймін!!!
    КӨРІСКЕНШЕ!!!

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s