Блогтың болмысы


Әрине, әлемторда блог ашу дегеніміз, жекелей әсерлерің мен өміріңде болып жатқан өзгерістеріңді өзгелермен бөлісу екенін білеміз. Мен де бұл дәстүрден айнымаспын. Журналистикада жарытып жазғандарым онсыз да halysozi.kz, ара-тұра abai.kz веб-сайттарында жарияланып жатыр емес пе? Дегенмен, өзіме етене жақын кейбір материалдар редакциялық саясаттан, құрылтайшы құрығынан біраз жонылып, сүбелі жері сылынып, алғашқы бояуынан айрылып қалып жататынын несіне жасырайық… Міне, сондай мақалаларымды алғашқы кейпінде осы блогқа беріп тұрсам деген «арам» ойым бар (тегі болмаса қысқартып).

Одан әрі.. оқиға ретімен, өмір ағысымен түрлі жаңалық, жайттарды құбылтып жеткізуге тырбанып көреміз де. Айтпақшы, үнді киносына селсоқ қарамайтын ағайынға арнап айдар ашып, шамам келгенше жаңалап тұруға… тағы да тырысам. Голливуд, Гонконг, біздің «Қазақфильм» де қаперімде жүреді. Фотодан жұмбақ жасырып, «по блату» жазба жазып, сезім мәселесіне де қалам сермеп тұрамын деген жынды жоспарым бар. Құрысын, соза берсем, менікі депутаттың сайлауалды бағдарламасындағыдай уәде мен сертке толмақшы. «Бісміллә» деп білек сыбанып, блог жұмысын бастадым, ал! Сәттілік тілеп қойыңыз!

48 comments on “Блогтың болмысы

  1. Бәсе, солай еке-ау!
    Егер құпия болмаса, «крутойлардың» қытығына тиетін мақалалар қаншалықты қысқартылады?

    Бұл мәселенің шешімі Интернет бола алады ма? Интернетке де бақлау қойылған ғой.

    • Енді бұл жерде бүкіл газет «кухнясының» қыр-сырын ашқан дұрыс емес шығар. Біреуді ұялтамын, не қытығына тиемін деп, дәлел мен түрлі күшейтпе, теңеу, қызыл сөзді қолданып жазғаныңмен, өзіне бәле тілеп алатын кездер де жиі болады. Интернетте сыздықтап болсын, саңылаулап осы жайттарды айтуға болады деп ойлаймын. Блог мәселесінде біз әлі шәйнекпіз ғой, сәл ысылсақ, көре жатармыз

  2. Өркен мырза, блогын шағын энциклопедия секілді екен!!! Қызығып әрі қызғанып қарап отырмын!!! Әрине, қалжың!!! мықты екен!!! Сәттілік!!!

  3. Мына блогың тамаша екен! Бәрі өз орнында. Жан-жақты екеніңді көрсетіп тұр. Ұсыныс біреу. Бұл блог сенің еркіндігің, кәзитте саясатқа ғана ырық берсе, мұнда бәрін жаза беруіңе болады. Экономика тақырыбын да қамты. Сонда тіптен тамаша болады! Жазар көбейсін, Өркен!

  4. 🙂 әрине, бәрін жасауға болады, бірақ шіркін, блогты күніге қарап тұрғанның өзі біраз уақытынды қалай жеп қойғаныңды аңғармай қаласың. Осы жағын дұрыстап үйлестірсе, бәріне де үлгеруге болады

  5. Блогыңыз құтты болсын байқаймын жаңа блогтардың ішіндегі үзбей алып келе жатқан блогтардың бірі осы. Табыс күтем

  6. Қазақ журналистерінің блогқа бет бұрғандары жақсы үрдіс деп есептеймін. Айтар ой, пікірлер қай кезде де болады, газеттен бөлек, енді блогыңнан оқып отырсақ. Уақытпен дос бола білсең, бәрі алда деп сенемін. Құтты болсын!

  7. Өркен аға блогтың болмысы өте қатты ұнады!!!Сіз сияқты ағалардын денсаулыгын алла мыкты кылсын!!!макала жазатын сияңызбен ой қиялыныз ешуакытта таусылмасын…Сизден онеге алып сиздин жолынызды куалап келе жаткан инилериниз барин умытпаныз ия!!! Алла разы болсын

    • Ернұр інішек, ерінбесең, әлі талай биікті бағындырасың, денсаулығың мығым болсын! Тараздағы дебаттарда топ жарушы едің, енді басқа да айқастарда, өмір сахналарында тосылмауына тілектеспін!

  8. Осындай жастардың барына қуанам! Алла жүзін қазақтан әлі де кері бұрмапты. Мың да бір шүкір! Ал мұндай жастары бар ұлт ешқашан өлмейді! Бұрқырат, Өркен, тоқтама! Денің әманда сау жүрсін! Сәлеммен, Көкең.

  9. Өркен, блогыңды көрдім. Әжептеуір дүние сияқты. Қаламың ұшталып, оқырмандарың көбейе берсін!

    • Өзіннің де өмірде жолын болсын! Ақбаян өсе берсін, Сәбина тағы сәбилі болып, өзін.. өзің үлкееен азамат бол! Денсаулық, воо бастысы осы.

  10. сәлем! жүрегіңе жүк, қаламыңа күш түспесін. көріп қуанып жатырмыз. мақалаларыңды оқымадым, бір уақыт бөліп ақтару керек екен. сау бол

  11. Сәлем! Туу, неткен тамаша тілек! Әдемі тіркестің өзі әжептеуір көтеріп тастайды емес пе? Ал мақалаларым, тойыс жазбаларымды әбізәтілнә қарап шығыңыз, ең болмаса суреттерін.. Сіздер үшін ғой деп крокодильдің көз жасын сығып қояйын да 🙂

  12. Өркен, жұмыстарыңыз өте ұнады. біздің бір жазушы ағайымызға да осындай ашып берсек деп едік. халық шығармаларын тауып оқи алуы үшін. Сол үшін мұндай блогты ашу жолдарын айтып берінізші? Алдын ала рахмет.

  13. Раахмеет! Ойй, мұныныз тамаша идея ғой, тек шығармаларды жинақтау үшін Тұрсынбек Кәкішев я Әбіш Кекілбаевтардың сайты сияқты сайт болғаны дұрыс шығар. Ал блог.. ол білесіз әркімнің іш құсасы, іш босат… жері дегендей, тым салмақты, тем бөле көркем шығармаларды салып қоюға сәл ыңғайсыздау сияқты. одан да сайт дұрыс қой, керек десеңіз тел.н берейін, Аршат я Әсет деген жігіттер әп сәтте (1-2 айда) жасап тастайды. Тегін емес әрине 🙂

  14. Ал мен үшін негізі идеал әйел Айш Райдың бітімі болып қала бермек. Бұйыртса, жақында әлемдік премьерасы болатын “Guzaarish” фильміндегі Udi әніне билеген көрінісі тіптен тамаша! Әлі де шіркін, бабында! деген сіздің пікіріңізді оқып бул кандай фильм болды екен деп корип ем… Керемет екен! жай ғага осы фильм үшін де сіздің блогыңызға рахмет айтқыым келеді…

    Қаламыңыз қарымды болсын! Іске сәт!!!! Енді мұнда жиі қонаққа келіп тұрамын 🙂

    • Иә, фильмді әркім бір көруі тиіс деп ойлаймын, Рецензия жазғандай болдым, бір жағынан осы өтінішіңіз сол фильмді тезірек тауып көруге сеп болды. Сондықтан, сізге рахмет айту керек шығар)))) Келіп тұр, есік ашық, домофон жоқ бізде, ит байлаулы ))))) Сұрақ болса, поштаға жібергенің дұрыс болар

  15. Жалпы бұрындары да қазақ блогшыларын окып туратынмын. Өсиет аңгімелер катты ұнайды. Сіздің блогты окып отырып мен де ашқым келип кетти гой ))) Просто Супер! Жазу стиліңіз де ерекше! Айтпақшы менде сізге сұрақтар өте коп. бір реті келгенде коярмын…. Блогыңызды толығымен окып шығайын…

    Айтпақшы, жаңағы Guzaarish деген фильм туралы жазсаңыз деймін. Мен жай сіздің ойыңызды білгім келеді. Әрине, уақытыңыз болса!

  16. Cәлеметсіз. блогыңыз тамаша екен. Сіз, Астанада тұрасыз ба? Келесі блогерлардың Астанадағы кездесуі қашан болады?

    • Сәлем, рахмет! сіздер үшін талпынып жатырмыз))) аха, осы Астанадамын, менің тел.ым 87029474778, маяк тастап, смс жибересиз бе, белгі беріңіз. Астаналық блогшылар бұйырса, наурыздың басында бір кездесер деп отырмын

  17. Блогыныз кушти екен. Биреу-миреулердин осындай дуниелерин окыгам, аса кызык емес болгасын кызыкпайтынмын. Ал, мынау унады. Кунде ашып, корем. Козим тимесин.)

  18. Жарайсың, бауырым! Аяғыңнан ешкім шалмасын деп тілейік бастысы. Стілің қызық, сүйсіндіреді адамды. Қазақтың өзіңдей азаматтары аман болсын!

  19. Сәлем Өркен Бауыр !
    Блогыңды шолып Шықтым .
    Атыңа Затың Лаиық Екен .
    Қаламың Қуатты , Ғұмырың Ұзақ Болсын !
    Мұмкіндік Болса Алдыда Интернетте Жағдаи
    Ұғысып , Ои Ортақтастырып Тұраиық .
    Қытаи ЕЛі , Іле Облылысынан :
    Нұрлыбек.Мәуленбек
    Менің Ежіктеген Ескі Блогыма Ат Басыңды Бұра Жұр
    Пікір ұсынысыңде Қабыл Аламын .
    http://toges.wordpress.com/

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s