Блогым бүлк етпей, бір бүйіріне түсіп жатып алса, бұның да бір себебі бар еді. Айтайын дегенше, айдай “агент-урада” бәрі айтылып, жазылып жатыр ғой… Жаңалық сол, “Жақсы” деген сайт ашып жатырмыз.
Менің қатысым мұнда – “жобаның үйлестірушісімін”. Өзім әлі не істеп, не қойғанымды айқын түсініп жүрген жоқпын. Бәріне араласып, біресе жазып, біресе агенттен спам жіберіп, бірде баннер жасап отырған жайым бар. Очм, “Жақсымен” бірге жаңа шабыт алғандай күй кешіп жүрмін. Бір тапсырмадан бір тапсырмаға үлгермей… ұйқы деген ұйыққа екі аптадан бері бата алмай жүрген. Қысқасы, қазақ интернет кеңістігіне жаңа портал келіп қосылды.
Ошарыла қарайтындай… өзі он сайттың қарасына да жетпейміз ғой негізі. “Абай” бар, “Маса” бар, “Мінбер” мен “Замандас” бар, басқасын еске түсіруге біраз күн керек. Қысқасы, бұл сайтты неге аштық, неге “Жақсы” деп қойдық? Сұрақтың бәріне жауапты Бас тақырыптағы шимайымда беруге тырысқам, бірдеңе деп пікір жазсаңыздар, жүдә жақсы. Жазбасаңыздар, осы жазбамды оқығандарыңызға да рахмет.
Жаза берсе, сөздің түбіне кім жеткен? Өзіммен идеялас, пікірлес жігіттердің басын қосып, қоғамдық негізде (себебі, шығармашылық ұжымдағы барлық азаматтың негізгі өз жұмысы бар) пайдалы дүние жасайықшы деген ой болды. Қолдап, кеңесін берген ағалар болды. Ашсаңдар, жазайық деген жазармандар болды. Ықылас болды. Азын-аулық тиын болды. Портал ашылды. Пәлесінен аулақ, “Жақсы” атына сай болсақ деп жанталасып-ақ жатырмыз. Бас редакторымыз – белгілі журналист Сәкен Сыбанбай. Мастодонт. Жігіттер де осал емес, әрқайсысы әр каналда атын танытып жүргендер.
Сөздің аяғы. Қолдауларыңыз керек. Сайтқа раскрутка жасауға қаржы қарастырылмаған соң, спам жіберіп, сәл ұятымызды кетіріп жатқанымыз бар. Бірақ, агенттегі ағайын бұған үйреніп те қалған шығар
Сол порталымызға, ең болмаса басында сауатты раскрутка жасап беретін маман болса. Жұмысқа аламыз дей алмаймын, бірақ азын-аулық теңгесіне келісуге болатын шығар. Ашыла салып, алақан жайып жатыр демеңіз.
Бірақ, бұл порталдың ерекшелігі, 100 пайыз ақпаратты өзіміз өндіретіндіктен, жақсы материал табу қиынға түсетіні сөзсіз. Сондықтан, ақпараттық көмегіңізді де аямаңыз. Тіптен, ең болмаса, сайтымызға екі-үш күнде бір кіріп, “ұлттың қамын жейтін” материалдар оқып тұрыңыз! Миға салмақ түсірмейтіндей қылып жазуға біз тырысармыз))) Біздің мақсат нөмірі бірінші болу емес. Мақсат оқылымды болсақ, біз көтерген мәселе шешімін тауып, біз айтқан сөз қақты жібітсе дейміз де….
Тіптен, ең құрығанда, күніне 5000 адам келіп, оқитын бірінші қазақтілді сайт болсақ дейміз! Бұған не дейсіз? Әрине, арман ғой әзірге.








Sep 03, 2011 @ 20:21:52
Амансың ба, барсың ба?!!! )))))) Өте қуанып жатырмын. Қазақ тілді сайттардың көбейгені күшті ғой. Керектен өзге қазақша сайт білмейді екем))) (ұят ай десеңші). АЛЛА жазса, кірем де, пікір жазам да, оқимын да!
АЛЛА қолдасын))))
Sep 03, 2011 @ 21:02:27
бармыз, жүрміз)))) ой о не дегенің, енді біздің сайтқа келіп тұр
Sep 03, 2011 @ 20:24:00
p,s, adresi kandai? zhaksy.kz desem baska saitka kirdim, jaksy.kz desem jok deidi,,,,,
Sep 03, 2011 @ 21:00:10
http://jaqsy.kz/ Асхаттың айтуы бойынша осылай қылғанбыз, алғашқы жазғанын бір ТОО-ның сайты
Sep 03, 2011 @ 21:46:28
аха, тоо екен…
Саяси екен сайт. Бірақ тартымды, сауатты, салмақты дүние екен. Жарайсыңдар!!!
Sep 03, 2011 @ 21:22:38
бұған енді не дейміз? Армандарыңды ала беріңдер! Мақсаттарыңа жете беріңдер!
)
(жатпайсыңдар-ау әйтеуір
Sep 03, 2011 @ 22:31:27
әмин, рахмет!
Sep 03, 2011 @ 21:30:34
Бәсе, Блогта Өркенегро неге белсенді емес десем
Sep 03, 2011 @ 21:31:59
“Осы Асхаттың да жүрмейтін жері жоқ екен…” дейін ба?:))) Бәрекелді, Өркен негр! Негрсің ғо жүрген! Басқа сөз таппай отырмын!
Sep 03, 2011 @ 23:12:01
Айтпа, блогерлердің бабасы деп бекер атамайды ғой)))
Sep 03, 2011 @ 22:32:21
“Жақсының жақсылығын айт нұры тассын”,- демекші, жаңадан бой көтерген қазақтілді ұлттық порталдың ашылғанына қуаныштымыз. Көзі ашық, көкірегі ояу, жүрегі “ҚАЗАҚ” деп тулаған әрбір пенденің оқып, пікірін айтып, талқылап тұратын, керекті ақпаратын алатын, өзіңіз айтпақшы №1 қазақтілді сайт болсын, Инш!
Sep 03, 2011 @ 23:20:06
рахмет!!!!
Sep 04, 2011 @ 00:30:46
Ал, іске сәт!!!
Sep 04, 2011 @ 09:15:04
Сайтқа HTML кодпен “Мен jaqsy (жақсы) көремін” деп көздің (жүректің) суреті бар эмблема жасап қойсаңдаршы. Блогтарымызға іліп қояйық, инш!
Sep 06, 2011 @ 14:17:37
Өрімтал ондай жүректі жай ілмекшісің ба???
Мен ЖАҚСЫ-ның логосын қосып қойдым өз блогыма….сол сиақты ма?? Сілтеме ретінде ма???
http://OLZHAS.TK кіріп көріндер
Sep 04, 2011 @ 11:10:18
“Жақсының” жақсылығын айт – оқырманы артсын!
десем, бола ма, болмай ма?
Өреке, қаржыландыру жағы қалай болып жатыр? Аса құпия емес пе?
Sep 04, 2011 @ 14:12:24
Ассалаумағаликум! Істеріңіз ілгері болсын! Күнінде Иншаллаһ! 50.000-80.000 ға жетсін!
Sep 04, 2011 @ 18:13:31
Қыркүйектің басында сайт ашылады деп едің. Жақсы сайт екен. Құдай қаласа, саяси сатираларымды жіберім отырамын… Ағаң.
Sep 05, 2011 @ 10:12:48
Жақсыға рахмет Өркен!
Sep 05, 2011 @ 13:23:56
Қадамдарың құтты болсын! Қолдан келгенше көмектесеміз!!!
Sep 05, 2011 @ 20:14:29
кіріп-шығып отыру керек
Sep 06, 2011 @ 09:56:52
urimtal айтқандай, әрқайсымыз блогқа енгзіп қойсақ “ЖАҚСЫ” жақсы болар еді!
Sep 06, 2011 @ 13:53:48
ЖАҚСЫ ЖАҚСЫ ЖАҚСЫ!!!
Жақсыда жаттық жоқ. демекші қолдарың керемет МАҚАЛАЛАР жазудан босамасын!!!
Sep 06, 2011 @ 18:02:27
Құтты болсын деймін, қазақша сайттар көбейе берсін. “Жақсыны” жүрген жерде жарнамалап, айтып жүрмін. Өте ұнады, видеосы да бар екен. Жалпы, Сәкен Сыбанбайдың жазғандарын қадағалап оқып жүруші едім, мастодонт десе мастодонт қой!
Sep 07, 2011 @ 16:08:44
“Жақсыны” ашқандарыңыз жақсы болыпты! Ұлттың қамын жейтін материалдардың жазылғаны да құптарлық. Ұлтымыздың жастары әлсіреп жатқанда, “Жақсыдай” сайт дәрумен болып, ұлттық иммунитетімізді көтере берсін!
Sep 12, 2011 @ 04:43:58
“жақсы” сайты ашылып жақсы болдық((((
Sep 12, 2011 @ 14:22:48
“жақсыны”ны жалықпай жалғастырып,жан-жаққа жанталаса жариялап,жарапазандай жақтарың жақтарыңа тимей жарнамаласаңдар жақсы жастар жан жақтан жабырлап жаман деп жамандамай жақсы екен деп жар салар.
жалындаған жас Өркен,”жақсыны”жылықпай жалғастыр….
Sep 15, 2011 @ 12:09:38
Қазаққа жақсылық әкеле беріңдер!
Sep 25, 2011 @ 00:02:42
“жаксы” деген терминге сай жумыс жасауларын керек болмаса халыктын
журегине жол табу киын
Sep 27, 2011 @ 22:51:04
Тек ғана сәттілік!