“Аузымен от бүркіп, шоқ шайнап” жүрген “дінбасы” Телібековтің өмірдерегі… белгісіз. Бимағлұмбыз. «Қашан, қай жерде дүниеге келіп еді, бұрын кім болып еді?» деген сауал тумай жатып-ақ, жұта салыңыз. Себебі, сабазымыздан қанша сұрасаң да, сөз шығармайды. www. guljan.org сайтына берген соңғы

бейнеконференциясында Телібеков тағы да тегін жасырып қалыпты.

Тікелей қойылған сұрақтан «Жеке өмірім жайлы айтуды онша ұнатпаймын. Одан да маңызды мәселелер бар деп білемін. Менің өмірбаяным тіптен қызық емес, тіптен керемет емес», – деп жалтарып өтеді. Ол тұрмақ, өзі басқаратын Қазақстан мұсылмандар одағы туралы да сараң ақпаратпен көз сулап қоятынын қайтерсің… Сұхбатта «Біздің Астанада, Шымкентте, Жезқазғанда, Қарағанды облысында филиалдарымыз бар. Қаржылық қолдау жоқ. Ешкім жалақы алмайды. Керек десеңіз, ұйымның банкте есепшоты да жоқ», – деген сөздермен өзіне аяныш тудырғысы келеді. «ҚМО-ны араб шейхы қаржыландырады» деген қауесетті де, «ҚМО – Американың мемлекеттік департаментінің жобасы» деген сыбысты да түтігіп отырып тас-талқанын шығарады.

Жарайды, олай болмай-ақ қойсын делік. Алайда ағамыз ел басқарудағы ашықтық, жариялылық дегенде алдына жан салмайды да, жеке басының жариялылығына келгенде жақ ашпайды. Бүкіл мемлекетті басқарып отырған азаматтардың адал болуын жақтайды да, жеке ұйымының жұмысын жасырып қалады. Өмірі жайлы өзгенің білуін қаламаса, Телібековтен басқа біреу болса түсінер едік. Ұялып, ұяңдық (скромность) танытқаны деп ішіміз жылыр ма еді… Бірақ әсіредемократ Мұрат мырзаның бұл мәнісінде ары кетсе, екі себеп бар шығар. Не «тіптен керемет емес» өмірбаянында “но-сы” бар. Оны жұрттың білгенін қаламайды. Білсе, бүгінгі күйіне зар болып қаламын деп қорқар. Не болмаса, бұнысы батыстық технологтардың «сүфілеп» берген саясатына көбірек саяды. Яки, өзіңді неғұрлым жұмбақ ұстап, құпияңды алдырмаған сайын абыройың артып, атағың өзіңе бағынбай кетеді. Содан да, харизма деген қиын істе “ауа ішіп, су жейтін” адам көрінгісі келеді.

Запретный плод сладоктың” кебі секілді, загадкасы көп болған сайын назарды өзіме аударам деп ойлар. Кім білсін, осыдан кейін Телібековтің сілекейінде, (тфуу, не айтып кеттік), тойыс сөзінде дуа бар ма, жоқ па? Дүдәмалмыз