Тақырыптағы сөздер кешелі-бүгін блогшылардың лексиконынан түспейтін секілді. Сонымен, ұзақ созуға уақыт тапшы, жазбай қоюға ұят қысып тұрып жазғаным: Блогкэмп басталды! Кеше “Кермес” дәмханасында кереметтей бейресми рәсімін өткеріп тастадық. Әрине, алғаш танысып тұрғаннан ба, бәрімізде тосырқау, жатырқау, т.б. сезімдер болғанын несіне жасырайық. Бірақ, ресми аты-жөнімізден айтып, қызыл шайға қызған соң, түрлі ойынмен жақын танысудың амалын таптық.  

 

Біртүрлі ойындарды бастаған, “Қазақия” блогының мүдірі Рахат Жақсыбай болатын. Міне, сол сәттерден бір-екі сурет. Қағып алыңыз!

Айтпақшы, кездесуден соң интернет іздеп жүріп, ертең жасар презентациямызды бүгін жасап тындық. Оның қандай тақырыпта болатынын бүгінгі репортажымнан оқисыздар, бұйырса!