“Ғашық жүрек” коктейльі


«Ғашық жүрек». Орысша атауы – «Жұлдызға арналған коктейль». Бұл – Баян Есентаеваның продюсер, Асқар Ұзабаевтың режиссер, ал Мөлдір Әуелбекованың бас рөлді алып шыққан актриса ретіндегі алғашқы киносы. «По идее» мұндайда орыс «первый блин комом…» дейді. Ағылшын «The first step is always the hardest» деп айтады да кешіре қояды. Гвинейлік… жарайды енді, кіл дебютанттың “күс-күс” қолынан шыққан кинодан қорыққаным соншалық, Астанадағы премьерасының алғашқы күніндегі бірінші сеансқа барып көрдім.

Үрей үстінде үш қызды (утошняю, достарым) қолынан жетектеп апарып, үш тарапымнан орын тауып бергенім бар емес пе? Очм, осының бәрі бекер екен. Кино тығып қойған көңіл түймелерімді тауып алып, бірде «күлкі», бірде «қайғы» деген батырмаларымды ретсіз басып тастады. «Жыла» деп тұр… қалай жылайсың? Күні бұрын бесінші мәрте қайталап көрген «Девдастан» кейін дым қалмады ғой, дым! Сеанстан соң қасымдағы қыздар бырқ-бырқ еткен танауларын тежей алмай, көздеріндегі айғыз тушьтан айрыла алмай… ай, әлек болды. Не дейміз енді: кино тамаша! Отбасылық бюджеттен Орбитке, нан-панға керегін алып қойып, артылған ақшаға әбізәтілнә баратын фильм енді. Бұ сөзіме де иланбасаңыз, қайдам… Алматыда құйылған әміркен «Пепсиін» ұрттап қойып, «Отандық киноға қолдау» деп отсаңыз деген ой салайын.

Сонымен, Сіздегі мидың аталасын шығармай, айта салайын: киноның ұнаған мәменттері Сіз ойлағаннан да мол. Ол мәменттер бірінші минуттан басталады…

1)                Баянның «төл баласы» – «Shine Stars» продакшнның фирмалық әниме-логосы әйбат шыққан. «Коламбия пикчерз», «Уорнер бразес» секілді крутойлардікінен кем соғып тұрғанн жоқ. «Театр киім ілгіштен басталады».Ал, фильм логосынан…

2)                Мейрамбек. Әріптесім Әсияның сөзімен айтсақ, «Есентаева қазақтың жанды жерінен ұстады». Беспаев «әу» десе, барша қазақ құлағын тосады. Белгілі депутат көкеміздің «осы Беспаевта күшті дауыс та жоқ, бірақ әр әні жүрегіңді қажайды» деп айтқаны бар еді. Бала күніндегі «Бозторғайынан» бастап, бүгінгі «Кінәлама меніге» дейін… бәрін-бәрін тыңдап өсті талай қазақ өрені. Бәрін айт та, бірін айт: Баян әпкеміз осы «жұлдыз факторын» жақсы пайдаланыпты. Мәкең де маңдайынан тер тамшылатпай-ақ, аса мейірімді, аса сезімтал «жігіт төресінің» рөлін тәуір сомдаған. Былайша айтқанда, өзін өзі ойнап шықты. Мейрамбек жетімектердің көңілін аулаймын деп тойына кешігіп барады. Итальян мейрамханасына барып тұрып, «бешбармақ» сұрайды. Орысша шүлдірлегендерге миығынан күліп, «уақытша» қызының тілін қазақшаға сындырады. Ол керім бір эпизодта «Жаным. Жур» дегенде, Мейрамбектің «Жур емес. Жүр» деп кеюінің өзі не тұрады?

3) Мөлдір. Мейрамбекті қанша мақтағанымызбен, Мөлдірдің ойынынсыз бұл фильмнің мерейі аспас еді. «Неге?». Жауабы актрисалық қабілетінде жасырулы тұр. Қисықтың жан-жүрегін жұлмалап жіберген әнін қоя тұрып, мына әртістігін айтсаңызшы! Баянның айтуынша, кастингке келген 3 мың сұлудың арасынан бәрібір Мөлдірдің бағасы асық тұрыпты. Әжептеуір жұлдыз болып жүрген әдемі қызды «жұлдыз болмай тұрған» кезге дейін жасартқаны енді… кішігірім ерлік болды. Киноның қақ ортасына дейін уыздай жас, жұмсақ, пәк, аңғал кейіпкерді ойнаған Мөлдірді танымай «қара басып», «қой-ей, сіңлісі болар» деп қуып отырдық. Ал, бұлай бізді, мына бізді :-) алдау деген масқара ғой. Жылауға келгенде де көзі аққыр үндінің «қатындарынан» артта қалайын деп тұрған жоқ екен. Жалпы, өз басым жан-дүниеңді басып, қауашағыңды шағып жіберетіндей қайғылы, тиісінше жылаңқы фильмдерді жақсы көремін ғой. Содан да көзіне команда бергенде жасандылығы білінбейтін қыздарды жаным сүйеді. Классикалық үлгі ретінде Айшварияның сол «Девдастағы» аңырауын айтар едім. Очм, Мөлдір, маладес! Кездесе қалса, бетіне айтпақпын.. «жарадың, жырттың» деп.

4)                Саундтрек. Қазақ киносына саундтрек жазу салты енді-енді қалыптасып келе жатқан сияқты. Бұрын да болды ғой. Мәселен, балаң Мейрамбек ойнаған «Қоштасқым келмейді» немесе Баян түскен «Махаббат бекеті»… «Ғашық жүрекке» арналып бір емес, төрт саундтрек («Кешью» тобының «Әдемі қыз», Мейрамбектің «Кінәлама», «Джамбо» тобының «Девочка гоу-гоу» әндері, Ғазиза Ғабдрахимованың «Салтанат» композициясы) жазылыпты. Төртеуі де жүрегімнің төрінен болмаса да, босағасынан орын алды. Кіре берісінде халық әні «Әдемі қыз», төрге қарай Мейрамбек, ал төрінде Ғазиза қобызымен отырып алды. Әзірге топ-парағымда Шрея Гхошалдың «Барсо ресімен» бірге тайталасып тұр.

5)                Баян. Бұл енді Талғат Теменнің талайды ғашық қылған Гүлназы емес. Бұл – жын-жырғасы көп шоу-бизнестің шыжығы мен қызығына күйіп жүрген іскер әйелдің образы. Баян да өзін өзі ойнап шықты, қызметтік кейпінен ұзап шықпады. Мына қызықты қараңыз, фильмде бас кейіпкермен бір гримернаяда боп қалған әнші Айжан Нұрмағамбетова «А ты новое творение Баян Есентаевой? Та еще сучка!» дейтін жері бар. Осының «сучка» дегенін сүзгіден өткізе салған Баянға сауал қойғанда, ол «Это был момент самоиронии. Кроме того, я часто слышу подобные вещи о себе. Это неприятно, но это правда. Мне еще кажется, что сучка – это все же не характер, а рабочее качество» деееп жауап беріпті. Соған қарағанда, бізге түрпідей естілетін сөзге Баян тәрізді шоу-балықтарының еті үйреніп кеткен сияқты.

Қой, құрысын... Мына жазбам атамның кендір арқанындай ұбатылып-шұбатылып барады ғой, тегі. Кино кәтте ұнады, әйтпесе мұнша ұзақ жазып нем бар десейші! Басты рөлдердің бірі тиген Айгүл Имантаева да «законченная стерва» образын алып шықты. Аузына келгенін айтады, темекі тартып, кеудесіне массаж жасатады. Жек көріп кетесің.. знәшіт, «роль удался». Екінші деңгейдегі, эпизодтағы әр адамның жүзі таныс, басымы өмірдегі аттарын да өзгертпеген. Құмалақшы шарлатан Құдайберген Сұлтанбаев, Арбатта рэп айтатын Ерболат, журналист Аша Матай, комендант Қарагөз, тойда тоғызыншы рет «Ақ маржанын» қайталап айтатын Заттыбек, клипмейкер Нұртас Адамбаев,Мутурганчик, Нұрлан Еспан… енді тізе берсе, тағы екі бет толтыруға болады. Аралас тіл де өзін ақтады. Орысқол Әйгерімнің «Кондиционер – кондиционер», «конденсант – конденсант»… казахский такой легкий!» дегені де табылған жүріс дер едім. Жалпы, жетімдер үйінен «Жолың болсын!» деген бір ауыз сөзбен аттанып кеткен қыз үлкен қиындықтармен үлкен өмірдегі арманына жетеді ғой. Бала кезінен бергі кумирінің назарына түседі, атақты әнші атанады. Яки, фильмнің месседжі – «Арманыңды жүзеге асырау жолында талма, шаршама». Айтпақшы, фильмнің ұнамаған тұсы – финалы болса керек. Шолтиып қалған. Мүмкін, пысықай Баян бұны «Ғашық жүрек-2» деп сиквел шығару үшін оңай болсын деген болар. Бұны енді бір Құдай мен Баяннан басқа ешкім білмейді. Тағы бір ұнамаған тұсы – фильмнің қазақша атауы өзін ақтамады. «Ғашық жүрек» дегенде, іздеген аруын Арбаттан тапқан Мейрамбектің де, аңсаған арманы алдына келген Мөлдірдің бойынан да ерекше шаттық байқай алмадық. Ғадеттегі көп кездесудің бірі сияқты. Тіпті, бұл екеуі бір-біріне бауыр мен қарындастай. Қалай десек те, махаббат желісі шықпай қалған.

Ал, орысша атауы жарасып тұр. Қалай десеңіз, коктейль дегеннің өзі қосылған ингредиенттердің пропорциясымен бағаланбай ма? Мұнда да «Жұлдызға арналған коктейль» драманың да, комедияның да, самоиронияның да нақ пропорциясының шегінен шығаңдамаған. Жылайсың, бірақ «Жетімдердегі» әсіре драматизм жоқ. Күлесің, бірақ «Қайрат-шемпионның» дарақылығы жоқ. Тамаша коктейль! Сіз де дәмін татып көріңіз! Айтпақшы, бүгін екінші рет бармақпын, бұйырса!


About these ads

53 comments on ““Ғашық жүрек” коктейльі

  1. Майын тамызып жырлапсың,Өркен.Кеше Қисықтан да оң лебіз оқып едік. Не дегенмен, отандық кино дамысын деп тілейік!

    • Қайта майын сорғалатып тамыза алмай, “көше стилінде” көлкіте салғанымыз ғой. Кешегі газет күні ғасырдан да ұзақ күнге айналып кетіп, мұрыннан cу, құлақтан бу кетіп жатып жазған материалым ғой. Тоты қызға ұнаса болды )))

  2. Сізде Девдас бар ма еді? Блиииин, нетте отырып қарауды жек көрем, сатып алған ба едіңіз? Ехх, Менің атым Кханнан кейін жақсыыыы көретін фильмім ғой. :)

    Мейрамбекті жақсы көрем дейді айттым ғой дейм, тағы айтайын Мейрамбекті жақсы көрем :)))) ФИльм күшті екенін Әдемі қыз клипінен ақ байқағам. ЖҮрмін бармай, күтііііп, инш сосын мен де әсерімді тізіп жазармын. Сіздің баяндамаңыз керемет енді. Рахмет!)

    • “Девдас” тура маған арнап түсірілген фильм сияқты. Ондағы әрбір диалог, әрбір ән, би, қимыл – ващще бәрі ұнайды. Интернеттен көшіріп алған, өте жақсы сапада, сен осы Астанадасың ғой, ә бір кездесіп, дискісін қолына ұстатайын. Жаманды-жақсылы үнді фильмының дистрюбиторы деген атағым бар еді :-) Ал “Ғашық жүректі” б.гін екінші рет көрдім, тағы да ұнады.. Сол үшін кинотеатрдан беріп жатқанда үлгеріп қалуға тырыс, айналайын!

      • aaaaaaaaaaa! onda mindetti turde kezdesemiz goi :))))))) Devdasty men men uwin tusirilgen dep jursem! :)))))) kuwti boldy!!! Onda kyzdar bolsa bloggerler, barimiz bir koriseik :))) aitpakwy, erten ALLA jazsa baratyn boldyk :))) Erten mereke goi, sebeppen kuttyktap ketein :) Kutty bolsyn! Bakytty bolynyz! :)

      • Баяғыдан бері Девдастың бар екенін айтпаппын ғой ))) мына жазбаңда біреу, екеу.. алты смайлик тұрғанына қарап, аса қуанышпен қабыл алғанынды байқадым. Бұйырса, кездесуді ұйымдастырайық, Жаңа жылға дейін үлгермесек, мүмкін одан кейін….

  3. Айтпақшы, арасында тағы Дастан Оразбеков айтатын “Бәрінен де сен сұлу”-ды естуге болады. Жаңаша аранжировкада, керемет шықты ))

      • Сен жазған соң, бүгін осы мәментті бажайлап қарадым. Расында, жақсы кадрлерді жинапты. Үй жинап жүріп, көзіндегі фингал кетті ме деп айнаға қарайды, терезе сүртіп, танауымен стекло сүзеді ))))

    • Иә, ол бар екен ғой. Базар жоқ, әнді тамаша әрлеген. ЕРболаттың “тақпақтарын” да ұмытып кетіппін ғой, “Қыз бар үйге мөлидім” деген :-) Туу, ең бастысы Мөлдірдің өзі Мейрамбект кеткен соң студияда жазған “Жаным” әні бар екен-ау. Ол да тамаша!

  4. Мен деген барып, өшіріттен шаршап, одан қалса билет жоқ болып шықты.
    Халықтың бәрі көріп біткенде барамын енд :)

    • Қап-ай, а әлі көрмедіңіз бе? Қазақ киносын Аватар я Алиса сияқты айлап көрсетпейді ғой, ары кетсе 2 апта, ұзағанда үш апта шығар. Әйтеуір, үлгеріп қалыңыз, жарай ма ?

      • Әбизөк үлгеремін :)))
        Бүгін тағы сынап көремін бағымды, билет тапсам жақс болар ед :)

      • Баян апай (“мені ешқашан апай деп атаушы болма” – Б.Е.), маған ырза шығарсыз! бүгін міне, үшінші рет барып көрдім. Жүрегім лоқситын шығар дегем, өйтпеді…

      • Бардым, үлгердім барып, билетті таптым, и наканеста көрдім :)
        Кино мен күткендей әсер қалдырмады :(
        Айгүлдің ойыны өтіріктеу, сенбедім. Тек дүкенде Мөлдірді “жетім” деп тиіскенде ғана жаныма батты, осы тұста ғана өз рөлін тамаша орындады деп ойлаймын, өйткені көзіме жас келді.
        Айгерім мүлде актрисалық шеберлігі жоқ негізі, тек алқаш қыздарды жақсы салатыны болмаса :)))
        Баян мен “Дауыс инт-ғы” қыздың рөлі тамаша екен :)
        Жәмилә да молодец, ауызындағы сағызы, көзіндегі бояуы, өз кейіпкерін жақсы сомдауға көп көмек болды :)
        Жалпы жаман емес!!!

      • Малдес. Баян әпше саған да ырзашылығын айтып жатыр, ертең ызбағандаған. Иә, Айекең сәл әсірелеп жіберген сияқты, дұрысы жаны тазалау болған соң ба, жексұрын әйелдің рөлін сомдау қиын болған шығар ,ә. Әйгерім – әдемі, бірақ… “Дауыстағы” Әселді жақсы көрем, сүйкімді қыз

  5. Рахмет, өзіннің Сильвестр ата туралы жазбаң әдемі шығыпты, балалық, бозбала шақты еске салды, біз де “Чики Чан мен Шұбаршұбарнегр боламыз” деп шапқылаушы едік.. шіркін десей, қазір кім боларымызды білмей жүрміз

    • Иә, “Хан Шатырында”. Тезірек бармасаңыз, таусылып кетуі мүмкін. Екі-үш келісі ғана қалды-ау. Бұгін ващше (Майра ИТаяұова) адам көп болды

  6. Өз ісінің шебері. Мықты әйел. Бірақ, мен оның “Махаббат бекетіндегі” жас кейпіне ғашық едім баяғыда. Ал мұнда Моль, Мөлдір Әуелбекова бар ғой

  7. Ой керемет жазба, ага! Ай, осыны сол адамдар окымайды гой. Маган кино унамады енди. Казахтын косегесин когертетин дуние емеси айдан анык. Казахша атауы фильмнин озинен адеми негизи. сол гашык журек деп аталганына бола коруге бардым да алып-ушып, оншаа емееееееееес куйде кайттым. Негизи сиздин де фильм тусиру ойынызда бар гой,иа (бир донгелек устелде айтып единиз Алматыда :)) кутемиз жаксы дуниени…умитимиз зоооооооооооор алииииииии…Нагыз Казахтын киносы туады биздин гасырда да!

    • Баян енді екінші “Көшпенділерді” я “Қыз Жібекті” түсірем деп мұрат қойған жоқ қой.. бұл массаға арналып, касса жинауға арналған коммерц кино болатын. Осы тұрғыдан алғанда кино өз мақсатына жетті әрі заманауи қазақ қоғамының біраз комплекстерін боямасыз берді деп ойлаймын. Сол үшін де ризамын оған. Фильм түсіру ойда бар болғанымен, нақты мүмкіндіктер әлі алыс сияқты. Ең болмаса, жақсы сценарий жазуға тырысып көрермін болашақта

  8. “ағып/тамып” пост/комент жазатындай кино емес ғо ;)
    кино қазаққа поидет* деген сөздер жазбаңдарЧ :)
    Осыларыңды оқып алып, режиссер сымақтар: “халыққа ұнады, ұнамаса неге көреді?”- деген уәждер айтады сосын ;)

    Қырқып қой: Мен чисто қисық кеулерің бтп отрп жазған жазбаларыңа бола барып көрдім, қой құрсын, кино жібермей көріп жүрген Өркен өлтрп жазғанда бірдемеден құр қалмайын деп))))
    а так былай норма көре беріңдер Я!)))) кімге қалай дегендей)))

    Такс, кім ұнады, то есть актер/актрисаларға ұқсады?
    Баян – стерва, тачюусь )))) мықт шыққан образ.
    Айгул- корнип тур әртіс кені…
    Мейрамбектің қызы(атын білмейм) – өзін еркін ұстаған әртіс
    Ерболаттың музыкасы сосын… баска нәрсе есімде жоқ…
    әдемі/ау әуені керемет!

    тря-ля-ля 2-3 рет қалай көріп жүрсің? көше киносы ғо…,
    Троя мес DVD құртылғанша көретіндей))))

    • Иә, ағып/тамып “Начало” я “Остров проклятых” туралы жазуға болады, бірақ қазақияның 2010 жылы шығарған киноларының арасындағы тәуірі, әрі заманауи, әрі қазақы болғаны да осы болды ау сірә… Әрі комедия, әрі коммерциялық жағынан табысты болды. Баян әпкеге сенсек, бар жоғы 500 мың долларға түсіріпті. “Көшпенділерді” 42 ме, 45 млн-ға түсіріп, дым табыс не абырой таппадық қо, оның қасында охоххооо ғой мына фильм! 2-3 рет көруге келсек, “о вкусах не спорят” депті гой бір білгіш. Әйтеуір, блогтан оқып, киноға барған саған да үлкен рахмет! Қазақ киносына қолдау көрсетейік!

  9. Құрбыларым: кинода күліп те, жылап та аласың деген болатын. Моля мен анасының (Кейін анасы болмай шығады ғой) жылаған сәттері маған ондай әсер бере қоймады. Дегенмен, күлетін тұстары бар. Таң қалғаным, Ерболат Құдайбергеновты бейшара қылып көрсеткені қызық болды))).

  10. бұл кино туралы жақсы пікірлерді көп естідім. өзіме де ұнады. Тек сіздің жазбаңызда Айгүл Имантаева емес, Айгүл Иманбаева болу керек шығар…

  11. Бұл кинодағы рөлге Мөлдірдің жеке өмірінің ешқандай да қатысы жоқ. Кино өте тамаша шыққан. Баянға қолды аямай шапалақтап ұруға болады. “Ғашық жүрек 2″ шығып жатса пиратский дисктан коре саламыз демей, ақшаларынызды аямай баруларыңызға болады……..

    • Иә, Мөлдір білуімше, жетімдер үйінен емес, өзіміздің Тараздың айналасындағы бір ауылда, әлде қаланың өзінде, қалыпты отбасында дүниеге келген. Сиквелді асыға күтеміз, Баян апайййй!!!

  12. Өте керемет фильм. Қуанышымда шек жоқ. Тәуелсіздік алғалы әлі бір рет қазақ киносына көңілім толып көрмеп еді. Жоғарыда Айгүл туралы айтқан сөздерге келіспеймін. Айгүл өз рөлін тамаша сомдап шыққан. Барлық ойнаушылардың ойнынан жасандылықты көрмедім. “Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын”. Қуаныштан көзіме жас алдым. Мен ешқандай өнертанушы, болмаса, театр сыншысы емеспін. Бірақ жан тәніммен қазағымның өнері мен спорты, яғни жан-жақты дамуына шын жүректен тілекші қарапайым қазақтың қызымын. Ешқандай шетелдік әртістерсіз-ақ, өзіміздік өмірімізді өнерімен шынайы көрсете білген. Осы фильмге қатысқан азаматтардың бәріне жеңістің шыңынан көрінулеріне тілектеспін. Бұл фильм әлі ХХІ ғасырдың классикалық туындысы болады. Көріп отырып, “Тақиялы періште” киносы есіме түсіп отырды. Рақмет, Баян сңілім! Әсіресе, марқұм Құдайберген ағамыздың соңғы рөлі болғаны жаныңды құлазытады. Қазағым, тек алға. Өзіміздің байлығымызды бағалай білейік.

    • Ешқандай шетелдік әртістерсіз-ақ, өзіміздік өмірімізді өнерімен шынайы көрсете білген деген сөздеріңіз Баян әпкеміміздің басты ұраны болды. Бар-жоғы 500 мың долларға осындай тамаша фильм түсіру тек талантты әрі қажырлы адамның қолынан келеді. Сондықтан, сиквелді күтеміз

  13. Pingback: Соңғы аяз – «Соңғы вальс»… « Ұшырсам сені көгіме!

  14. Өте нашар арзанқол дуние. Орысша қазақша диалогтар арасында бірізді ой жоқ. Кейіпкерлердің неге орысша қосып сөйлейтіні түсініксіз. Кейбір жерлерде тіпті қазақша өскен адамға ыңғайсыз жағдай туғызады. Мыс: Никогда не называй меня апай. Қазақтың талғамынан өте төмен тұр. Жастарға обал мынадай дуниені көріп өскен. Киноға берген ақшаға обал. Қаншама комерциялық кино дегенмен оның көркемдік жағы жоғары дәрежеде болуы керек. Ал қазақтың тойы мен томалағы арқасында күн көріп журген бетке ұстар әртістеріміз қазақтың тілін сатып кетті. Еш азаматтық сипаты жоқ ақшаға сатылған құлдар секілді. Мына түрімен кете берсе халық қахарына ұшырайтындары анық.

    • Арзаңқолы түсінікті. 500 мың долларға түсірілген ғой. Қалған айыптауларыңмен онша келісе алмаймын. Тілді қолдану тұрғысында артықшылыққа кеткен де шығар. Бірақ талай қазақтың мен деген киносынан тәуір ғой, технично))))

  15. Осы киноны жақында ғана, онда да ТВ-дан бергесін көріп, қатты риза болдым. Баян профессионал ғой, құрметім арта түсті. Баянның өркөкіректігі, менмендігі бар, бірақ кәсіби деңгейі соның бәрінен жоғары тұрғаны қуантады. Фильм маған ұнады, Өркен, сенің жазбаң да!

  16. осы фильм шыкты деген де ишинде мейрамбек беспаев бар дегенде тугел уй шаруасын тастай сап жугурип барып билет алдым,меним ойымша 100пайыз болмасада 70 пайызы мейрамбек ушин корди деп ойлайым ойткени мейрамбек ерекше жан гой .баян ози айткандай (оригинально мейрамбека все любят,,,, )дегендей

Пікір қалдыр

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s